Жолатпайды жанына – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жолатпайды жанына» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 884
Күрiк болып сұр тауық,
Басып шықты балапан.
Көрiп қалам бiр ауық,
Оларды мен даладан.
Балапандар үлпiлдек,
Бұлтың-бұлтың жүгiрген.
Ұстап алып бiртiндеп,
Сипар ма едiм түгiнен.
Қанша екен –
Санаймын,
Санаймын да жаңылам.
Алыс тұрып қараймын,
Жүре алмаймын маңынан.
Сипар едiм мамығын,
Ұстап тұрып қолыма.
Бiрақ күрiк тауығың
Жолатпайды жанына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері