Бұл бетте «Өңменімнен итерді өмір мені» атты Айсұлу Рүстемова жазған өмір туралы өлең берілген.
Өңменімнен итерді өмір мені.
Өтіп сен де барасың бұла дәурен.
Сіздікі де жай ғана көңіл ма еді?
Жапырағың жалғанбас жылағанмен.
Назым, сенің білгенмін өтпесіңді.
Жазу еді ол мына сор маңдайдағы.
Жеткізем деп қайтемін-жетпесің тұр.
Уыты бар сол удың таңдайда әлі.
Күлкім, сені күледі өзге біреу!
Күмбезді де көрмеуге көндігемін.
Күнә болар дәл мені төзбеді деу,
Армандайтын не қалды енді дедім.
Аспан! Сені бекерге тілдемедім.
Ар жағыңда не барын көрген емен.
Жарасам деп қажетке жүрген едім,
Су қадірін біле ме шөлдемеген?..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі