Самала кештің сәулесі – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Самала кештің сәулесі» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2460
Күйзеліп кеткенің бе шын? Күрсінгенің не?
Білемін.Несін күрсіндің, білсін дедің бе?
Өпкенде нәзік , әдемі сырың кеп беттен
Жүрек те сорлы, өрекпіп, дірілдеп кеткен.
Албырап өңім алдыңда қысылғанымда,
Қиял көгіңнен көгершін ұшырмадым ба?
Жаныңды тербер өлеңім- жан дауа ма еді,
Ішкі дауысым тынбайды - «Баурама мені!»
...Самала кештің сәулесі. Абай атаның
Жанында ылғи сені ойлап бара жатамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері