Бұл бетте «Сел болып кейде» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен - теңіз едім. Мұңымды шағала білді.
Ақ жал толқынмен бұзасың жағалауымды.
Аспан тектім-ау, ашулы төніп келесің,
Алаңдай берем, жер болып жерітпегесін.
Мөп-мөлдір тамшы-ем, қызығып, шашып ойнадың.
Тірліктің белден бастың да жасыл аймағын.
Нәзік пе деуші ем, осынша бұзық та ма едің?
Қыз деген қызыл гүл ғана, қызықпа дедім.
...Сел болып кейде ағамын, егіліп бөтен.
Мазаламағын, көз жаспын... төгіліп кетем!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі