Сені қайтіп ақтайды бала көңіл?
Бұл бетте «Сені қайтіп ақтайды бала көңіл?» атты Айсұлу Рүстемова жазған бала туралы өлең берілген.
Сені қайтіп ақтайды бала көңіл?
Жүргенінде тым асқақ... жазықты етті.
Миына да сөнбейтін шала көмді,
Сәмбі талдай сәнінің назын төкті.
Көзге жұқа көрінер-ол бір емен.
Сыртын бермей тұрады жанған іштің.
Сезім билеп бойын да мөлдіреген
Қайың-жүрек, болмыспен сәл майысты.
Сәл майысты, деді ме жұрт өзінен.
Бұл күндері несіне құлақ түрді?
Шараларын толтырып мұң, сезіммен
Хризонтема ақ қарға шыдап тұрды.
Көрсетпеді көзіңе көз жасын да,
Шың басында қиын-ақ. Құламады.
Жазбасын да жазғызды, жазбасын да,
Сексеуілдің білді не сұрағанын...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі