Сенің қара көздерің көп қадалып – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Сенің қара көздерің көп қадалып» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4728
Сенің қара көздерің көп қадалып
Жаулап алды сезімді. Неғыламын?
Шоққа шоқты салды ма оттан алып?
Өмір, қандай көп еді, о, ылаңың!
Сенің қара көздерің жанды ұғады.
Бірін-бірі іздеген табады анық.
Жамандар бар-көңілді қалдырады,
Жан тілегім - қалмашы жараланып.
Сенің қара көздерің көпке ұнады.
Көруі де өзге бұл дүнияны.
Жаман ойлар жаманға соқтырады,
Күліп жүрсең - күллі әлем жымияды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері