Сен мәңгі тірісің – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Сен мәңгі тірісің» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2563
Үн-түнсіз көтеріп өткенді-кеткенді,
Бағзыдан бүгінге ол жеткен-ді.
Көз алдым тұнады мың елес,
Батырлар- Ақтонды, Көктонды.
Сұрапыл күнде сол көк төнді.
Жастыққа зар заман дөп келді.
Жау қарап тұрғандай төбеден
Шоласың өңірді, Көктонды.
...Азапты сан күйді шекпе енді.
Атасы, баласы текке өлді.
«Батырлар бейіті» дейді ел,
Сен мәңгі тірісің, Ақтонды, Көктонды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері