Сыймай аққан арнаға түбi – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сыймай аққан арнаға түбi» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 543
Сыймай аққан арнаға түбi
өзендей толармын,
Үзiлетiн жанардан бiр тамшы жас болармын.
Мән бердiм де бiр күнi
жауларымның сөзiне,
Өзiм шығып өзiмнен қарап көрдiм өзiме.
Денем менiң дене емес,
көрмесi екен сырқаттың,
От кешiп кеп көктеген сынығы едiм ұрпақтың.
Жоқтық пенен ақындық
жағаласып туады,
Күзгi тамшы жүзiңдi қайта-қайта жуады.
Кеудемдегi лаулаған
сөндiредi өрттi кiм,
Қаршадайдан қазақ деп келе жатқан дерттiмiн.
Сағынышпен өттi айлар,
сағынышпен өттi түн,
Бұлың-бұлың бұл күнге жетпедi кiм, жеттi кiм?
Шалқып жатқан арнасы түбi
өзендей толармын,
Үзiлетiн көзiңнен бiр тамшы жас болармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері