Өлең, жыр, ақындар

Естен бәлкім кетпейсің

  • 20.09.2021
  • 1
  • 0
  • 723
Естен бәлкім кетпейсің,
Қалмас тіпті елесің.
Жалғыз туып көктейсің,
Жалғыз жатып өлесің.
Ешкім бірге өлмейді,
Жаны ашысын, жыласын.
Топырақта тербейді,
Тастан қарап тұрасың.
Жан - жарыңа өртеніп,
Үздіге тіл қатасың.
Кім біледі ерте өліп,
Бір жотада жатасың.
Арамдыққа жолама,
Түре көрме іргесін.
Көк шөп емес молаңа,
Тікен шығып жүрмесін.
Айналайын жақсылар,
Аманатын тапсырар.
Қара таспен бастырар,
Қара көзде жас тұрар.
Еске бәрі түсті ме,
Ана жолмен өтпедің.
Көктеп шығар үстіңе,
Басып кеткен шөптерің.
Бәрі бастан өтті ме,
Келеді кез шешетін.
Абайлап бас шөпті де,
Түбі үстіңе өсетін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл жылдар кеткем қамысты көлдер

  • 0
  • 0

Бұл жылдар кеткем қамысты көлдер
тауменен, таспен достасып,
Сен жаққа қарай тізіле ұшқан
құcтарға үнсіз қараймын.

Толық

Сағындым сені

  • 0
  • 0

Жалғандағы армандаған асылым,
Мұңымды айтам мен өзiңе жасырын.
Асау өткел өткiзбедi,
Қашқан жолдар жеткiзбедi, жаным

Толық

Алдан бала

  • 0
  • 0

Ал-д-а-а-н!
Ал-д-а-а-н!
Дауыс шықса осылай Алдандаған,
Алаңсыз бiр ойнауды армандаған.

Толық