Жалған сезiм
Бұл бетте «Жалған сезiм» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалған сезiм,
жалған достық,
жалғандық...
Шемен болып көкiрегiмде қалған дақ.
Жетпiс сегiз,
сексендегi алаңсыз,
Тазалықты жүрген жай бар арман ғып.
Қайда сонау аппақ әлем,
мөлдiрлiк,
Сезiмдердi сабырлы ойға жеңдiрдiк.
Адамдарды айыра алмай жүрсек те,
Алыстағы армандарға телмiрдiк.
О, аяулы
армандар-ай,
армандар,
Бүгiнiмдi
ертеңменен жалғаңдар.
Осы жырды сендерге арнап отырмын,
Тiршiлiкте кездесе алмай қалғандар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі