Жиырма жыл көрмегенмiн – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жиырма жыл көрмегенмiн» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Жиырма жыл көрмегенмiн,
көрмегенмiн,
Қалайша тiрi қалғам, өлмегенмiн.
Көзiңе,
ерiнiңе,
әуезiңе,
Өлердей болып жаным,
шөлдегенмiн,
Алдыңда тұрмын мiне, өлмегенмiн.
Мұңды қосқан аяулы гүл есiмге,
Алғашқы кездескен кез жүр есiмде.
Жағаға шығып қалған
балықтаймын,
Мен сенi көрмеген күн, бiлесiң бе?
Жасымда ширығатын,
шыңдалатын,
Жаным-ау әдет таптым мұңданатын.
Қамал алар қырықта
дәрменсiз қап,
Халге де жеттiм бiлем жынданатын.
Өзгемен шығып кеткен басына ерте,
Махаббат таңғажайып жасыл өлке.
Мәңгiлiк бала бейнең
елес болып,
Өмiрден мен де өтермiн асыл ерке...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері