Өлең, жыр, ақындар

Ойлар толғап терең менен әрiден

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 502
Ойлар толғап терең менен әрiден
несiне мен,
несiне мен желiгем.
Желiгемiн несiне мен жетiсiп.
Өзiме өзiм түсiнбеймiн әлi мен.
Өз тiрлiгiм кейде маған түсiмдей,
өзiм бейнем –
өзiме жат кiсiдей.
Басым қатып,
басым қатып мен кейде
отырамын өзiмдi өзiм түсiнбей.
Болдым талай,
болдым талай шерменде
өзiме өзiм келе алмаспын өлгенде.
Кетпей қалып кететұғын жерден мен,
бармай қалдым баратұғын жерлерге.
Бiр сорлыдан iстер күтiп өрелi,
алданып мен –
болдым талай дәмелi.
Сөздер айттым бiреулерге,
сол сөздiң
жоқ екенiн бiле тұрып керегi.
Қуанышқа бiр жыладым,
бiр күлiп.
Тiктiм қанша табанымды тiлдiрiп.
Iстеп едi бiр жөн iстi оң қолым,
сол жақ қолым жатты оны бүлдiрiп.
Бiле тұрып –
жасық дедiм алғырды,
бiле тұрып –
ашық дедiм солғынды.
Қаншама рет,
қаншама рет ұшқалақ
естi ақылды ессiз сезiм қор қылды.
Түсiнбеймiн мен, асылы, өзiмдi.
Түсiнбестен келем талай кезiмдi.
Суық ақыл,
салқын ақыл,
мұз ақыл
өшiрдi ғой талай отты сезiмдi.
Ұмыт болды бiр өлеңдi жаттап ем.
Көлге айналдым –
кеше жалын, аптап ем.
Өз жөнiме отыра алмай –
құдай-ай! –
кеттiм қанша кiрiп қызыл отқа мен.
Ойлар толғап терең менен әрiден
несiне мен,
несiне мен желiгем.
Өзге түгiл,
өмiр түгiл,
жер түгiл
өзiмдi өзiм түсiнбеймiн әлi мен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашу

  • 0
  • 0

Елiмнiң бойына
Алапат ашу кiрдi.
Шартылдап сiлкiнген
Жасын кiрдi.

Толық

Ішінде жыланы бар адам

  • 0
  • 0

Қауiп пенен қатер жатқан күшiнде,
зымияндық, сұмдық жатқан iсiнде, –
тойымы жоқ, қойымы жоқ ғұмыры
адам көрдiм жыланы бар iшiнде.

Толық

Еңбек

  • 0
  • 0

Бiледi, бiледi оны терлеп көрген,
терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бiрге туып басталады ол
талпыну,

Толық