Өлең, жыр, ақындар

Заңғарға

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 505
Ойыңнан қажып, бiрде түңiлесiң,
ал бiрде белдi буып түрiнесiң... –
Бейнемдi түсiрем деп қағазыңа
жүзiме қайта-қайта үңiлесiң.
Түрiме үңiлесiң,
қадаласың.
Iздейсiң ойдың ашық,
жалаңашын!
Қаламның ұшыменен түсiресiң
бойдағы екi пiкiр жағаласын.
Тап басып өлеңдегi ағылысты,
көзiңнен көрiп тұрмын жалын ұшты.
Асығыс салып жатсың қағазыңа
мендегi болып өткен жарылысты.
Тереңнен көзiн ашқан бұлағым сен.
Тереңнен тамыр тартқан құрағым сен.
...Жағып-ақ қойыпсың ғой жанарыма
үмiттiң жылтыраған шырағын сен.
Тауып ап қабағымнан жыр елесiн,
қайтадан сол сәтiнде түнересiң.
Сонан соң сейiлтпек боп ауыр ойды
бiр тамшы сезiм қосып жiбересiң.
Дүние тылсымымен ұғыныс та,
қарағым,
өзiңдi өзiң мығым ұста...
Абыржып қарайсың ғой –
бұл қалай деп –
ойнаған көзiмдегi құбылысқа.
Сыр жиып –
өлең – жырдың ағысынан,
сыр жиып –
ойдың түпкiр алысынан,
дыбысын аулап апсың тiршiлiктiң
лүп еткен тамырымның соғысынан.
Бұрқ етiп жарылғалы бүлiгiм тұр.
Әуенге айналғалы бiр үнiм тұр.
Салыпсың тап басып-ақ, көрiп тұрмын,
астында қабағымның күдiгiм тұр.
Десем де өзiмдi мен тұғырдамын.
Жанымды шүберек қып сығымдадым.
Балам-ай,
қандай жақсы, қандай жақсы
әкеңдi ұғынғаның, ұғынғаның...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабаған ит

  • 0
  • 0

Жуындымды,
аяқты жалаған ит,
болдың бүгiн, мiнеки,
қабаған ит!

Толық

Түсінсеңдерші

  • 0
  • 0

Қазiр менiң
Сыртым – бүтiн
Iшiм – түтiн.
Сол түтiн

Толық

Шөлдегі жаңбыр

  • 0
  • 0

Күткен едiк қаталап бiз соншама,
төктi жаңбыр, төктi жаңбыр аңсаған.
Құм үстiнде әнiңдi сал, күй ақтар
биле, биле шымыр тамшы тұяқтар.

Толық

Қарап көріңіз