Өлең, жыр, ақындар

Ажарың толған ақ айдай жаным

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 731
Ажарың толған ақ айдай жаным,
қастарың садақ керiлген,
Батылым барып сүйе алмай кеткем,
шиедей тәттi ерiннен.
Еркелей басқан күллi ғаламға,
ғаламат сол бiр сәттегi,
Сурет бейнеңдi көкiрегiме түсiрiп алғам сенiң мен.
Шөптердiң иiсiн аңқытып
кеште ақ самал соқса алқаптан,
Ойладым сенi,
бұрымдарыңды арқаңа қарай тарқатқан.
Өкпелеп iштей ақырын ғана
алыстап кеткен жылдарға,
Бозбалаларға егiле қарап тұрамын балдай жар тапқан.
Ақ қанат байлап
ақ тамақ жырым өзiңе қарай асығар,
Ақ жаңбыр болып көзiмнiң жасы
ақша жүзiңе шашырар.
Тебiренiп үнсiз,
күрсiнер сосын осынау аппақ сезiмге,
Ертектегiдей ақ махаббатқа түбiнде бұл ел бас ұрар.
Алатау жаққа қарадым, қалқам,
қиялмен iздеп неше мен,
Сандалып сосын келе жатамын
адамдар аққан көшемен.
Махаббатымды қалдырғым келмей
отырам көзiм боталап,
Ағаларымды есiме ап ерте арқасын «жерге» төсеген.
Жаз кетiп ертең,
сағыныш болып келсе де қоңыр күз мейлi.
Ақ қағаздарға кемшiлiгiмдi
дұшпандарым да тiзбейдi.
Жатармын жым-жырт,
қалдырып артта жабырқау,
жадау жылдарды,
Емiренiп сонда, сәл кештеу бiрақ туған жер менi iздейдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдан бала

  • 0
  • 0

Ал-д-а-а-н!
Ал-д-а-а-н!
Дауыс шықса осылай Алдандаған,
Алаңсыз бiр ойнауды армандаған.

Толық

Таң атады, күн батады

  • 0
  • 0

Таң атады, күн батады,
Қара жерде айналар.
Қатал тағдыр тiл қатады,
Көкiректi қайғы алар.

Толық

Даламызға шапағатын шашты кім

  • 0
  • 0

Даламызға шапағатын шашты кім,
Кімдер келіп жасамады қастығын.
Айтыңдаршы, ағайындар, күні ертең,
Сақталмаса, не боламыз Дәстүрім.

Толық