Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 785
Мен болсам кеттiм ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп.
Төлеген Айбергенов

Әлi күнге айта алмастан келемiн,
Әлемдегi ең сұлу қыз сен едiң.
Торыққан бiр,
тарыққан бiр шағымда,
Желмен жеткен лебiңменен демедiң.
Менiң нәзiк өлеңiм-ай, өлеңiм.
Саған жырды он алтымда жазған ем,
Ғұмыр жайлы бiр әңгiме қозғап ем.
Бұл өмiрдiң қысқалығын бiлсем де,
Аспандағы айға қолды созған ем,
Сен бойжеткен, мен ұяңдау бозбала ем.
Маған ермей қалдың сонау көктемде.
Жалғыз кеттiм қауiптiлеу өткелге.
Бұл жалғанда жалғыз қалдым жарығым,
Қолым жайып
оралмайтын өткенге,
Үнсiз қарап жалғыз жүрген кептерге.
Мәңгi серiк еттi содан асыл мұң,
Саған ғашық екенiмдi жасырдым.
Бұл жалғанда жалғыз қалдым жарығым,
Қаламын ап
Төлеген мен Қасымның.
Көшелерде шайқалдым да шашылдым.
Шайырлардың шайқап iшiп шарабын,
Жалғыз қалдым жасқа толып жанарым.
Жалғыздықтан жапа шегiп барамын,
Сен елiгi,
мен еркесi ем даланың.
Қажыдым-ау, қайда жүрсiң, қарағым.
Елге соқтым баяғыдай шықпадың,
Сүрттi самал жанарымның шықтарын.
Менi кейде түсiнбедi
Адамдар,
Мен де кейде Адамдарды ұқпадым,
Ақындықтан ештеңе де ұтпадым.
Сонау көктем аңсатты ғой, аңсатты,
Жүректен жыр,
көңiлден күй қанша ақты.
Сенсiз өткен жылдар менi мұңайтып,
Сенсiз өткен жылдар менi шаршатты.
Тұнжырайды аспан жасын тыймаған,
Жүрек берiп махаббатын қимаған,
Елеусiздеу осы ауылдың қызы ғой,
Маған мәңгi жалғыздықты сыйлаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арықтардан су ағады жосылып

  • 0
  • 0

Арықтардан су ағады жосылып,
Көктем таяу... сүйеніш қой осы үміт.
Үкіметі көшіп кеткен Алматы,
Құлазиды меніменен қосылып.

Толық

Аяулым-ау

  • 0
  • 0

Даладағы гүлсің бе, жаным,
Ұмыта алмай жүрсің бе, жаным.
Өткен менен кеткенді ойлап,
Қара түнде күрсінбе, жаным.

Толық

Қабырғаның ар жағында сен жаттың

  • 0
  • 0

Қабырғаның ар жағында сен жаттың,
Қабырғаның
бер жағында мен жаттым.
Сенi-дағы тербетедi бекзат түн,

Толық

Қарап көріңіз