Хатыңды оқығанда
- 0
- 0
Жасырарың көп менен жансың, айым.
Жазғаныңнан көргім бар жан шырайын.
Қадаламын хатыңның әр жолына,
қан сонарда із кесер аңшыдайын.
Бұл бетте «Шындық» атты Аружан Султанова жазған шындық туралы өлең берілген.
Жасырарың көп менен жансың, айым.
Жазғаныңнан көргім бар жан шырайын.
Қадаламын хатыңның әр жолына,
қан сонарда із кесер аңшыдайын.
Иә, біздер жаз бойы хат алыстық. Ал,
алғашқы кездесу – одан ыстық: кезіп
жүріп тірліктің кеңістігін, кездейсоқтық
жаратқан о Таныстық!..
Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған,
жырларымның жұлдызы тамшылаған. Қу
тірліктің есігін құр күзетіп,
жүре алмайды бұлайша шамшыл ағаң!
Алдап әлі келе ме көлгір өмір?.. Айтып
берсең қайтеді-ау сен бір емін! Космосқа
көзелер көкірекпен көздеріңе өлгенше
телміремін.
Шаттанғандай, ұқпаймын, торыққандай,
шатасамын, Сен қарсы жолыққанда-ай!
Өңшең сыбыр өлтірді Өлөңімді.
О сен әлі білмейсің, халық қандай!..
Арука
Супер
Ерсұлтан
Өлең өте мағыналы, әр жолы ойға салады.