Теміртау түні – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Теміртау түні» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1514
Жарқылдаған сырғаң-ай,
Толықсып бiр туған Ай.
Темiртауда кездестiк,
Жаным саған,
жаным құрбан-ай.
Қыз сөзiне елiткен,
Жiгiт едiм желiккен.
Көрген сәтте өзiңдi,
Толқыдым мен
айтшы нелiктен.
Сарыарқаның самалын,
Аймалатқан жамалың.
Жүрегiмдi жандырды,
Сырға толы
мөлдiр жанарың.
Көл тербетiп жағаны,
Жұлдыз жымың қағады.
Алаулаған жүзiңдi,
Айда қимай
батып барады.
Темiртауда мақпал түн,
Жан сырыңды ақтардың.
Армандай бiр ән қалды,
Белгiсi боп
қимас шақтардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері