Жеңіс жылы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жеңіс жылы» атты Тайыр Жароков жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1074
Ақшалап жерді аппақ қар,
Жазық дала,
биік жар
Үстіне күміс кигендей.
Түскен қырау әйнектен
Қолсыз шебер өрнекпен
Нақыс салып бергендей.
Ұлпа қарға түлкі аунап,
Қырда үйірлі жылқы ойнап,
Жалын желге кергендей.
Жазды күтіп жаңа гүл,
Есікті қағып жаңа жыл,
Келіп, сәлем бергендей.
Күн жайлауы айлы аспан,
Жаңа жылда нұр шашқан,—
Жер дабылын көргендей.
Жаңа жылмен шабыты
Шарықтап Балқаш заводы
Мысын құйған өрге өрлей:
Көк қорғасын Шымкенттен
Құйыла түс сен де өктем,
Фашисті көрге көмгендей!
Эмба - нефті мұнайы
Фонтанша шапшы ұдайы,—
Қанатты ер кекке ергендей!
Күміс қар жерге жауа түс,
Құшаққа қырды ала түс,
Алтын дән бітік өнгендей.
Ақ құйын борам борай түс,
Жаудың алдын орай түс —
Дұшпанды біздің — қыс көміп,
Жігітке — аяз күш беріп,
Тұлпары тарпып желгендей.
Жаңа жылда жеңістің
Тігіліп туы,
жер үстін
Болсын шаттық көргендей.

Январь, 1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері