Бұл бетте «Ару қалам Астанам» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күндiк жерден көрiнген,
Айналайын елiмнен,
Ата-баба кезеңдерi-ай.
Алқасындай Арқаның,
Бұрымындай қалқаның
Толқып аққан өзендерi-ай.
Махаббаттың өлшемi,
Бәйтерегiм еңселi.
Жүрегiңде жатады екен.
Ақ балығы жүзген көл,
Ақ сағымы жүзген бел,
Жер жаннаты атамекен.
Ару қалам Астанам,
Жанды тербер асқақ ән.
Арман үмiт тiлегiмде,
Елiмдi алға бастаған.
Ару қалам, жас қалам,
Менiң мәңгi жүрегiмде.
Хан Кененiң тiлегi,
Алашорда жүрегi.
Ерке Есiл әлi есiмде,
Қарашығы қазақтың.
Бақытты күн, ғажап күн,
Сарыарқаның белесiнде.
Тағдырымыз шешiлген,
Мерейiмдi өсiрген.
Әлем бiлген бас қаламсың,
Жеткен көне ғасырдан.
Айбынымды асырған,
Менiң жаңа Астанамсың.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі