Терезеде телміреді бір сәуле – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Терезеде телміреді бір сәуле» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2402
Бұлданумен болған сынды Күн де әуре,
Қолға түспес арман бардай көксейтін.
Терезеде телміреді бір сәуле
Кіре алмаған жарыққа мен не істеймін?
Көңілі кір көгал күнде даурығар.
Ұшып кетті түк түсінбей бақ-бақ та.
Шың басында ери алмай қалды қар,
Балдыр түбі айналады батпаққа.
Ертегі деп... бітіп қалды құлағың,
Қай әуенге салсам екен іңірде?
Алға басқан сияқты едім бір адым,
Тұрмын дайын енді тізе бүгуге


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері