Арканкерген – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Арканкерген» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Арканкерген
Жер ғой бұл іздеп мені қалқам келген!
Қолдан қару
түспесін балтаң белден.
О, мұңлы арқанкерген, арқанкерген.
Кешір мені жаныңды ауырттым ау,
қайран анам балқаймақ, талқан берген.
шатқалды тау келмеген көлік көптен,
Бар сырын о дүниеге алып кеткен.
Ең соңғы
оғын атып осы арада,
Әскери боздақтарым өліп кеткен.
Қаздар өткен төбеде қаңқылдаған,
Бұл өлкеден шық түсіп салқындаған.
Дауысы мына сайда қалып қойған,
Капитан Кереевтің саңқылдаған.
Есіне ауылдағы бұлақ түсті,
Жағалай жайқалатын құрақ күшті.
Алысып кеудесіне тиген оқтан,
Әніки бір жауынгер құлап түсті.
Айтарға кейінгіге сөз таппадым,
Қайғым мен қасыретімнің қозғап бәрін.
Бейбіт күнде ел қорғап, шекарада,
Шахид кетті әскери боздақтарым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері