Ақша бұлттар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ақша бұлттар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 1
  • 2125
О, ақ ұлпа ақша бұлттар,
Ақша бұлттар – ақ шабыттар.
Күн тығылған көкірегіңді
Алатауға ақтарып сал.
Шыңдар ашсын қабақтарын,
Ынтықтыра қарат бәрін.
Ақиықтар мамығыңа
Малып ұшсын қанаттарын.
Аруанадай шудаланған,
Ақша бұлттар қуған арман,
Толтыр маржан шелегіне
Арулардың суға барған.
Шаттық толсын ақ отауға,
Жадырасын Алатау да.

1970


Пікірлер (1)

Арслан

Өте жаман өте қиын ауыр екен.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері