Бала едім – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бала едім» атты Несіпбек Айтұлы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1228
Бала едім кеше ғана сасыр мінген,
Жосылтып жалаңаяқ жасыл қырмен.
Жігіттік жайлауында енді, міне,
Оңаша отау тігіп жатырмын мен.
Басымнан ұшпайтындай бақ-дүние,
Ризамын баянды өткен бар күніме.
Шағымда шаршы топта бір шапсам-ау,
Жүйріктей келіп алып зар күйіме.
Бұйырар қайда болсын бір сыбағам,
Жастығым – жан серігім жүрсін аман.
Барады сағыныштан қаным кеуіп,
Өртеніп от өзегім жырсыраған.
Жанымның бұлт тұмшалап жал-құздарын,
Көңілдің көшін арттым жалғыз-жарым.
Толассыз төгіп өтші, көк нөсерім,
Желкілдеп желге ойнасын жалбыздарым.
Сәбидей бесігінде ерте күлген,
Өзегін сезімдердің өртедім мен.
Ай нұры, қонақта кеп қабағыма,
Арулар ақ жүзінен мөр төгілген.
Арманға адам қашан қылар нысап,
Арқаға айлар қамшы ұрар қысап.
Шығады даусы қайдан шаттығымның,
Шулаған шың басында ұлар құсап?
Қайрамай қайратымды намысым құр,
Аударып, асау өзен ағысын бұр.
Шайқасып қиындықтар меніменен,
Шыдасаң, шынарымды тағы сындыр.
Қиыс сап құшақтасқан дос арасын,
Қияда құйысқаным босамасын.
Құр аттай қырларымда құйындатам,
Құлатпай қызығымның босағасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала едім өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бала едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала едім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері