Көктем келді тағы да дала гүлдеп – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көктем келді тағы да дала гүлдеп» атты Несіпбек Айтұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1628
Көктем келді тағы да дала гүлдеп,
Көкжиекке қиыла қарадым кеп.
Сан құбылған сағымдар арасынан
Үміттенем өзіңді табамын деп.
Көктем келді тағы да дала гүлдеп.
Қайда сол бір кінәсіз пәк реңің,
Өзегімді өртеген жалын едің.
Қою түн боп кетіп ең көз жаздырып,
Таң боп кірдің кеудеме тағы менің.
Қайда сол бір кінәсіз пәк реңің?!

1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері