Сезім мен төзім арбасып – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сезім мен төзім арбасып» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Сезім мен төзім арбасып,
Санаға салды ой бұғау.
Кетсе де жылдар алмасып,
Көкейден кетпей қойдың-ау.
Сағынған шақта сенделіп,
Сезеді басқа кім мұны?
Ұйқыда жатсам сен келіп,
Оятармысың бір күні?!

1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері