Сәукеле тағып аспаның – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сәукеле тағып аспаның» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1425
Сәукеле тағып аспаның,
Жұлдызың жамырағанда,
Құпия сезім астарын
Ашпағын, жаным, адамға.
Уақыттан қашан озды адам,
Тартады жылдар тереңге.
Ақ бота бұлттар боздаған,
Айналып жүрсе төбеңде:
Тіле сен көктен ақ жаңбыр,
Сағыныш сазы тозбасын.
Тереңде бұғып қалған бір
Толқындарыңды қозғасын.
Бастаудың жұттың мөлдірін,
Мөлдіреп өзің тұрардай.
Алыстау кеттім мен бүгін,
Артыма мойын бұра алмай.
Қарайлап қайтқан жыл құсын,
Ән салып тауды жаңғыртып,
Жолымды күтіп жүрмісің,
Тербеліп талдай жалғыз түп?!

1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері