Санына садақ ілдірмей

Бұл бетте «Санына садақ ілдірмей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Санына садақ ілдірмей,
Сағым боп ақты күндерім.
Сақтадым сабыр білдірмей,
Сырымды ұғар кім менің?!
Жарқылдап түссе жай қырға,
Жарыса жастан жырладым.
Арқамды тостым жаңбырға,
Алмаққа содан бір жалын.
Тілініп төзім табаны,
Болдырттым атын ақ таңның.
Бал үміт – рахат табағы,
Таулардың қойнын ақтардым.
Үзілген жұлдыз түймесін
Іздедім иірім түбінен.
Қиялға кезек тигесін,
Қиянда кездім түнімен.
Шаттықтан тігіп шатырды,
Алмадым көздің шырымын.
Алқызыл гүлдер шақырды,
Алдыма тосып шырынын.
Аққуға алқа тақтым да,
Айдынды әнмен желпідім.
Жаһаннан жаннат таптым да,
Жел болып шолдым жер түбін.
Табиғат көркі арбады,
Сұлулық – семсер тіл кесер.
Таусылса адам арманы,
Тірліктің өзі құр бекер...

1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санына садақ ілдірмей өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Санына садақ ілдірмей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санына садақ ілдірмей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санына садақ ілдірмей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері