Тауға қарай көшті бұлт

Бұл бетте «Тауға қарай көшті бұлт» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Тауға қарай көшті бұлт,
Тазартып аспан айнасын.
Қоюлай түсті кешкі ымырт,
Керді де көкте ай қасын.
Сыңғырлап күміс сырғасы,
Сыңсиды баяу тал-қайың.
Құрбақа – кештің сырласы,
Таңдана қақты таңдайын.
Ауылдың маңы жадырап,
Жаннатқа кешкі енесің.
Қозы-лақ тапты жамырап,
Өрістен қайтқан енесін.
Желіден босап жас құлын,
Желпіне шапты ойнақтай.
Жалындай шықты жастық үн
Ернінен қыздың оймақтай.
Қарайып қырат-белдерге
Қаптады қалың жылқылар.
Елеңдеп құр ат белдеуде,
Үйірін іздеп жұлқынар.
Көрінбей күрең кереге,
Көлеңке тартып үй тұрды.
Алыстан қонақ келе ме,
Абалап, әне, ит үрді.

1973-1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауға қарай көшті бұлт өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Тауға қарай көшті бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауға қарай көшті бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауға қарай көшті бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері