Өлең, жыр, ақындар

Қайырылмас өлім кемесі

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 887
(Қабдыкәрім Ыдырысов қазасына)

Табытта жатыр ақынның абзал денесі,
Табыт па, сірә, өмірдің ақтық елесі?
Кетеді қазір ғайып боп көзден бұлдырап,
Қаралы табыт – қайырылмас өлім кемесі.
Жанатын кезде
Лапылдап маздап жанатын,
Баратын жерге
Аңқылдап ұшып баратын,
Сұңқар сымбатты,
Қыран мінезді сол ақын,
Қолқалап барсаң, кесіп беретін қанатын.
Ақындар неге кетеді осы ертерек,
Жүре бермес пе өмірге мынау еркелеп?!
Сағына күтіп тұрғандай қалың ел-жұрты
Абайлар қайта,
Қасымдар қайта келсе деп!
Ақынның үні,
Ақынның ізі өшер ме?
Ақынның рухы
Дауылда,
Селде,
Нөсерде!
Жүрегін жырға кетеді олар тапсырып,
Жұлдызы сөніп, жалғаннан мәңгі көшерде...

1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарыала қазым саңқылдап

  • 0
  • 0

Сарыала қазым саңқылдап,
Сайранда сазда салқындап,
Қуанышымның көл-көсір
Қазаны қайнар сарқылдап.

Толық

Астана

  • 0
  • 0

Бақыттың нұры шалқып сәулетіңде,
Бесігін бостандықтың тербетуде.
Тәуелсіз қазақ үшін жарқыраған,
Өзіңсің жалғыз қала жер бетінде.

Толық

Анама

  • 0
  • 0

Болсын деп шаңырақ пен босаға аман,
Көңілін күн нұрына тосады анам.
Ошағын көсеп қойып, отыратын
Бір өмір басталардай осы арадан.

Толық