Неге, жаным, іздеп келмедің? – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Неге, жаным, іздеп келмедің?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1612
Асыр салып мөлдіреген балбұлақ,
Қызғалдақтар құлпырғанда албырап,
Жүрек сені жоқтағанда зар жылап,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Күн нұрына көкірегін кең ашқан,
Ақ тұманнан айыққанда көк аспан,
Қоңыр қаздай сыңарынан адасқан,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Апармайды тағдыр салған жол қайда,
Қаным кеуіп, шөлдегенде шалғайда,
Қарлығаштай су тамызып таңдайға,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Жапырақтар сарғайғанда әудемде,
Азынайды суық ызғар кеудемде,
Бұл жалғанда саған ғана сенгенде,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Тереземді аппақ қырау шалғанда,
Өксігенде қайран ғұмыр арманда,
Қанатымды қозғай алмай қалғанда,
Неге, жаным, іздеп келмедің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері