Қара жартас шер төкпес – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қара жартас шер төкпес» атты Несіпбек Айтұлы жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1003
Шын ақында айтылмайтын сөз қалмас,
Не жасырсын тоңған жүрек, тозған бас?
Сен – бір сұңқар ұшып­қонған айналып,
Мен – бір жартас қонысынан қозғалмас.
Қайғысы жоқ қара жартас шер төкпес,
Ғайып құсы қайта тумас сен тектес.
Оятпасаң найзағайдың оғымен,
Менің мылқау көкірегім селт етпес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері