Мінез

Бұл бетте «Мінез» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 726
Ашу менен сезімді үрлеп оттай,
Бірде жағам жалпыға, бірде жақпай.
Осқырына қараймын қос бүйірге,
Үйрене алмай дәртеге жүрген аттай.
Лапылдасам өртеніп өз­өзімнен,
Лақылдайды қызыл шоқ өзегімнен.
Жалыныммен шарпысам жоқ қыламын,
Әлдекімнің бықсыған тезегін мен.
Сыр тартқансып сұмпайы суыртпақтап,
Абайсызда ақырын у ұрттатпақ.
Айналсоқтап қасымнан шықпағанмен,
Ағайынның жүргені аз үмітті ақтап.
Келгеніне танытып мырза қылық,
Жіберемін жөніне ырза қылып.
Қылдан тайсам қылтиып, қыдыңдайды,
Қорасына түскендей түн жамылып.
Көрмесем де өгіздей там сүзгілеп,
Шамшыл көңіл, кінәмшіл қаншыл жүрек.
Қисық ағаш секілді қу мінезді,
Түзете алмай әуремін сан сүргілеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Мінез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері