Тамыз-мұң – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Тамыз-мұң» атты Айнұр Төлеу жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1260
Мөлдір тамшы дір еткен,
Төмен қарай құлапты.
Көзден емес жүректен,
Сорғалаған сыр ақты!
Қара көздің моншағын,
Мойыныңа ілмеймін.
Тойтарыссыз сонша ағын,
Тоқтатуды білмеймін.
Айтылмаған мен талай,
Қанық едім аңызға.
Аспан жақтан анталай,
Сыр тамады Тамызда.
Шық тұнады мөп-мөлдір,
Күлтесіне гүлдердің.
Мұң құлады көктен мың,
Мен қоштасып үлгердім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері