Өлең, жыр, ақындар

Арпалысқан ессіз тобыр

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Күміс тиын жылтыраса арасынан қоқырдың,
Екі көзі шамдай жанар сығырайған соқырдың.
Арпалысқан ессіз тобыр елең етіп еңкеймес,
Алтын басың домаланса астында ойран­топырдың.
Ебелекті сүйеу көріп, кисең жұттай кебенек,
Сүйкенгені сен боласың қыршаңқы мен қотырдың.
Ағайының айғай салып алды­артыңда тұрса да,
Ауған жүгің түзелмейді үстінде тар көпірдің.
Саған емес, қалтаңдағы қазынаңа іші ашыр,
Суға кетсең, құрбаны боп қара тасқын нөпірдің.
Алтыбақан алауыздық айналаңды жайласа,
Айна таздай қылтанақсыз қу тақырға отырдың.
Бір есекке орын босар екі жылқы тебіссе,
Сәні қашып сәйгүліктер сап түзеген ақырдың.
Қырық пышақ қым­қуытта қалам десең аман­сау,
Жоныңды тос дойырына даңғой менен дөкірдің.
Ей, ақыным, төбеңе шай қайнатса да шыдап бақ,
Тоқсан толғап айтқаныңды көкейіне тоқыр кім?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оразбай басында

  • 0
  • 0

Құлазитын секілді Шұнай тауы,
Ескі қыстау көргенді мұңайтады.
Өшкен ошақ,
Өлген үй,

Толық

Әлқисса

  • 0
  • 0

Басынан көне тарих төмен құлдап,
Тағдырын туған елдің келем жырлап.
Өзегім талып жеткен Тәуелсіздік,
Өмірде не бар екен сенен қымбат!?

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Ахау, туған жер, анамдай сағындырған,
Ахау, туған жер, бабамдай табындырған.
Аңсадым, аңсадым –
Самал жел,

Толық

Қарап көріңіз