Қағып ап қарағайдай мүйізімді

Бұл бетте «Қағып ап қарағайдай мүйізімді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 692
Айналды бір суық жел жан қоймасқа,
Шама жоқ жапырақтай сарғаймасқа.
Келсаптың тұмсығындай көп соғылған,
Бұл күнде төбе тықыр, маңдай қасқа.
Жүріп­ақ ортасында ағайынның,
Басымды тау мен тасқа талай ұрдым.
Жүзіме өшпес таңба салып жатыр
Долданып беттен алған көкайыл күн.
Құбылды қырық мәрте, шіркін, заман,
Сайтандай артын ашып жырқылдаған.
Сырмақтай тозып біткен дүние мынау,
Көтеріп шаңын қақса бұрқылдаған.
Тасырға қашан түзу сөз дарыған,
Әр нәрсе арта қоймас өз қабынан.
Шөліне Кербаланың барады ұқсап,
Кең жаһан жалт­жұлт етіп көз қарыған.
Қуалап қиырдағы көк сағымды,
Күлігі көңілімнің көп сабылды.
Қағып ап қарағайдай мүйізімді,
Біреулер күмістеген шақша қылды.
Баймен де, патшамен де тең жүр едім,
Төбеме кедейшілік төнді менің.
Көрініп өз мүйізім өзіме алтын,
Қолына әлдекімнің телміремін.
Мүсіркеп бірақ ешкім жарылқамас,
Қырқысқан қайда барсаң қалың талас.
Қол сынса жыртық жеңнен қайыр бар ма,
Бүркейтін бөрік те жоқ жарылса бас.
Бұйырар ит пен құсқа жемтік емен,
Дариға, дәурен қайда мен тілеген?!
Уақыттың сұр мысығы аңдуда енді,
Торғайдай тірлігімді тентіреген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қағып ап қарағайдай мүйізімді өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қағып ап қарағайдай мүйізімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қағып ап қарағайдай мүйізімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қағып ап қарағайдай мүйізімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері