Басыңды сақта

Бұл бетте «Басыңды сақта» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 977
Баянсыз мынау заманда,
Базарға барып бақ сынар.
Саудасыз нәрсе адамға
Еш жерде, бауырым, жоқ шығар.
Іздесең дәрі дауаға,
Саудаға кірмей жоқ шара.
Бір жұтым таза ауа да
Сатылар ертең ақшаға.
Алмасын құдай берерін,
Жүрейік аман­сау ғана.
Тұрса да тасып өнерің,
Түседі басың саудаға.
Сен үшін жанын қиятын
Азайып туыс, досың да,
Кіршіксіз ар мен ұятың
Саудаға түссе шошынба!
Сауданы кім бар тауысқан,
Дүниенің түбін көз көрмес.
Заманнан заман ауысқан,
Өмірдің заңы өзгермес.
Соңында шулы ғасырдың
Қаралы түтін, көк тұман,
Құны жоқ алтын басыңның,
Арзансың арық тоқтыдан.
Жүдеді тозып ауылым,
Жыртылған тондай жағасы.
Басыңды сақта, бауырым,
Қымбаттап қалар бағасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басыңды сақта өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Басыңды сақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басыңды сақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басыңды сақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері