Салмақ

Бұл бетте «Салмақ» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1053
Адастырып арзан дәме, жалған үн,
кемеңгерлер кемітпесін салмағын.
Жеңілдесін көкке ұшатын кемелер,
азаймасын тек салмағы Балғаның.
Шегеге де, сезіп жүрміз, жан тәтті,
балға алдында қағады ол да жалпақты...
Әйел біткен қары талсын бала ұстап,
дән салмағы майыстырсын алқапты.
...Жоқтық, аштық, қайғы, қаза сондағы
танкі, кеме, самолеттер бомбалы —
бәрін қосып есептесең — толмады
"жесір" деген жалғыз сөздің салмағы.
Өмір — нәзік,
бірақ ауыр сынына
шыныға бер,
шыныға бер, шыныға.
Мизам-жібін үзе алады, байқасаң,
салмағымен құстың қауырсыны да.
Кетпен, күрек салмағы осы жер өңін
жасандыра, жасандыра береді!
(Ауыр екен, досым, жаңа кітабың,
сыны бірақ жеңіл тисін дер едім).
Салмақ керек!
Ай мен Жұлдыз, бүкіл көк —
салмақ бәрін ұстап тұрған бүтіндеп.
Қатер-оқ боп атпаса екен қорғасын,
қара тас тек ұшпаса екен түтін боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салмақ өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Салмақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салмақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салмақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері