Қара ағаш – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қара ағаш» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1232
Бір сөйлеп ем махаббаттың тілінде,
бүрсеңдеп ем Қара ағаштың түбінде.
Бүгін көрсем — жалаңаш сол Қара ағаш,
Қара ағаштай менің жаным жалаңаш.
Сағыныш пен қалды өкініш аралас,
Енді маған қара ағаш та арам ас.
Жалаңаш түн, Қара ағаштар хақында
жазу қалды қырық асқан ақынға.
Қара ағаштар қайғысы ма, қара бас
кетті ағарып.
Жалған айту жарамас.
Ал, Қара ағаш... судырайтын желге әлгі
жапырағы жоқ, құп-қу бұта — сол қалды.
Тіл мен таңдай ей, тақылда, тақылда,
қыз хақында жыр қиыстыр — мақұл ма?
Әрнеден бір төсі қайтып бүгінде
тоңған жүрек, жапырақтай дірілде!
Еріккен сөз, етегімнен ермеші,
елім-тағдыр, енді бейнет бермеші!
Уақыт желі, жүрегімді тербеші,
Қара ағаш боп қартаяйын жерде осы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара ағаш өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қара ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері