Күз-көңіл – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күз-көңіл» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1440
Гулеп кетті жел тұрып маңай тағы,
Кәрі қурай ызыңдап ән айтады.
Мойын жүні үрпиіп жетім торғай
аяныш-сезіміңді молайтады.
Аспан тұнжыр, жел үні бір сембейді,
кез келген бір қуысқа кірсең дейді.
Алба-жұлба өңірін қаусыра алмай
ыққа айналып бұталар бүрсеңдейді.
Кірлеп кетті-ау мына маң, кірлеп кетті,
жылғадағы лай су ірмек бопты.
Кемпір-бұлттар үңіреңдеп ұршық созып,
сұп-суық жаңбыр жібін дірдектетті.
Ұлыма боти іздеп дүкенге еніп...
су өтіп табандардан бүкеңдедік.
Тұнжырап кетті маған қабақ біткен —
аспаным бір айықпай бітем бе өліп?!
Бір әйел біздің үйге жылап кірді,
бір түйіншек қайғысын лақтырды.
Бір сыншыны тартып ем шапалақпен,
ол мені бір газетке сынаттырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз-көңіл өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Күз-көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз-көңіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз-көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері