Өлең, жыр, ақындар

Жол

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1198
1
— Қайда тарттың, қара жол,
алдау ма әлі бас қайғың?
— Сүйе білген жүректі
суынуға бастаймын.
— Өртеп үміт, қайғы ішті,
талас құрам десеңші,
тағы да бір байғұсты
адастырам десеңші!
— Адал мақсұт мендегі,
түсінігің неге ескі?
Сенен өңге пендені
адастырған емеспін.
— Жөнел онда, қара жол,
мен де сенен түңілгем.
— Ескілікті жаңамен
Жалғамақ ем бүгін мен.

2
— Баста, ақ жол, ал бізді,
көтерейік еңсені.
— Күйеу алған сол қызды,
сүймейді әрі ол сені.
— Досыңа апар онда әлгі,
сырласайын бір түн мен.
— Досыңа бақ қонған-ды,
шошып жүрер күлкіңнен?
— Шарапқа өзім сенбеймін,
ал, әсері — әдемі.
— Оның жөні келмейді.
тағы кімің бар еді?
— Қарауытып жолығар,
құрсын қолды қысқаны —
ақылы бар, жөні бар,
бірақ ол бір дұшпаным.
Мысқылы ащы, көңілді,
тәңір соққан бір бет қып. —
Жаңа таптың жөніңді,
ал, бастадым, жүр, кеттік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке

  • 0
  • 0

Оқып жүрген кезім еді мектепте.
Салық қария қыңыр да еді, көк бет те:
— Құдай бар ма,— деді ұстап aп,
жігіт болсаң сен ойлы,

Толық

Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк

  • 0
  • 0

Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк,
Көңілдің шыңынан қарғыды үн.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
Бір түске бояпты барлығын.

Толық

Жанатұғын жан құсап бүгін бағың

  • 0
  • 0

Жанатұғын жан құсап бүгін бағың,
Қол ұсынсаң — ерінің діріл қағып,
аға боп мен бір ақыл айтады деп,
қарындас келіп тұрсың жырыңды алып.

Толық