Бастан кешіп – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бастан кешіп» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2486
Төңірегім мұнша неге тарылды,
Кешіп келе жатқандаймын жалынды.
Оңымды ор, солымды cop қоршап aп,
Тығырыққа тіреп қойды жанымды.
Қозыкөш жер болып қалды өрісім,
Ұмтылмайтын болдым алға төр үшін.
Ой мен сана екі жаққа тартады,
Таласады, таппай ешбір келісім.
Кімдер бастан кешті екен бұл жайды
Үміт кеміп, күдік деген ұлғайды.
Бітімі мен бет-бейнесін көрсетпей,
Бір елестер алыстан қол бұлғайды.
Аңдай алмай олардың не екенін,
Тылсым күштің жетегінде кетемін.
He де болса, мойынсұнып тағдырға,
Бұл өмірге разы боп өтемін.
Қай кезде де дария - құт, жас - үлгі,
Жалғайды ұрпақ ғасырларға ғасырды.
Бұл жасыма жасқанбастан кеп тұрмын,
Тауға соғып, тасқа соғып басымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастан кешіп өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Бастан кешіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастан кешіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастан кешіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері