Серпіл, аға!

Бұл бетте «Серпіл, аға!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 602
(Тұманбай Молдағалиевке)

Егіліп жылай берме, серпіл, аға,
Жылаумен көздің жасы сарқыла ма?
Ақыны Алатаудай күңіренсе,
Қайыспай қабырғасы ел тұра ма?
Айырылдың балапаннан бауырдағы,
Қиын­ақ жүрегіңнің ауырғаны.
Қазақтың қара нары емес пе едің,
Қасқайып көш бастайтын дауылдағы.
Не болар қалың елің сен жыласаң,
Қайғыға тізгін беріп қалжырасаң;
Алдыңда айдаһардай аңдып жатқан,
Басынан қасіреттің қарғымасаң?
Сарғайып ерте сөнсе көк жұлдызы,
Бір сәтке жабырқайды жердің жүзі.
Еліңе өзің көңіл айтқаның жөн,
Құралай емес пе еді елдің қызы.
Ағажан, үгілмеші, бүгілмеші,
Қайғының қармағына ілінбеші.
Астынан қабағыңның шуақ шашып,
Жымиып бұрынғыдай күлімдеші.
Тағдырдың талқысы мен тезіне көн,
Алланың қылған ісі өзіне жөн.
Қарашы мынау байтақ дүниеге,
Ақынның ойға толы көзіменен.
Кім келіп бұл өмірге, кім кетпеген,
Өтерміз біз де сол бір дүрмекпенен.
Еңсеңді төмендетіп, еңкейтпеші,
Басыңды бүкіл қазақ құрметтеген.
Қайтемін сөзді созып, айта беріп,
Көңілді жырларыңмен байтақ едік.
Халықтың керегіне туған ұлсың,
Жігерлен, тұғырыңа қайта қонып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серпіл, аға! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Серпіл, аға! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серпіл, аға! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серпіл, аға! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері