Берілу – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Берілу» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2172
Толассыз еңбек әр күнім,
Жазуға уақыт таппаймын.
Сондықтан жырдың бар тыңын,
Түніме ғана сақтаймын.
«Өлеңнің саған несі өткен,
Көресін ылғи әуресін.
Бездің, - деп, - жылы төсектен»
Ренжи көрме, сәулешім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері