Бір ағаның айтқаны – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бір ағаның айтқаны» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2495
Кездерім аз болған жоқ бүрсеңдеген,
(Соғыстың зардабына кім көнбеген).
Aт жалын тартып мінер күн туса егер,
Үлде мен бүлде оранып жүрсем деп ем.
Ал қазір өкпе айта алман тұрмысыма,
Заманым жарылқап тұр, гүлді ұсына.
Маңдай тер дәулет болып, ырыс болып,
Ілесіп келіп жатыр жыл құсына.
Кезім жоқ келер күнмен жалғанбаған,
(Сан бақыт кезігеді алдан маған).
Киіп aп, құмардан бір шық дегендей,
Үлдем мен бүлдем дайын армандаған.
Оларға қызықпаймын бірақ тағы,
Арманы бала кездің жырақтады.
Жанымды сақтап қалған көне күпім,
Көп жылдан қақ төрімде тұрақтады.
Мен соған қараймын да ойға кетем,
Қанағат болса, көңіл тоймақ екен.
Құйаңды ашта жеген, тоқта ұмытып,
Өткенді бүгініңнен қойма бөтен.
Қазақтың аңызы көп, мақалы бай,
Бірінен-бірі терең жатады ұдай.
Естелік көз алдыңда тұру керек,
Әйгілі Аяз бидің шапанындай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері