Ғабдолла Тоқай – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ғабдолла Тоқай» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7766
Болмас бұған ешкімнің де таласы,
Қазақ, татар бір атаның баласы.
Абай, Тоқай ағайынды ақындар,
Егіз елдің екі бірдей данасы.
Осы Орал Тоқайға ашып құшағын,
Жеңілдетті ауыр дертін құсаның.
Ақ Жайықтың кәусар суы шипа боп,
Жетілдірді жас баланың күш-әлін.
Туыс болса, дерсің қалай жат ұлы,
Дарындылар дархандардың жақыны.
Ғабдолланың жанын сақтап қалды ғой,
Қазақтардың көмеші мен қатығы.
Досың болсын жан сырыңды ұғарлық,
Уәде берсе, сол сөзінде тұрарлық.
Татар достар, айтпассыңдар қате деп,
Тоқайды біз шайыр етіп шығардық.
Білдік біздер толысарын-толарын.
Бала Тоқай, дана Тоқай боларын.
Бұл өмірден тым ертерек өтті деп,
Қайғырумен күн кешуде Оралым.
Мұңы бардың, жүрегінде жыры бар,
Жырың болса, ел де саған бұрылар.
Шын достықты өсиет қып кетті ғой,
Абай менен Тоқай сынды ұлылар.
Кездеспесін халқымызға тосын сын,
Достық ізі әрі-бері жосылсын.
Матур қыздар ұлдарыма жар болып,
Төскейде мал, төсекте бас қосылсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғабдолла Тоқай өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ғабдолла Тоқай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғабдолла Тоқай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғабдолла Тоқай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері