Орта жолға жеткенде

Бұл бетте «Орта жолға жеткенде» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 849
(Бақтыбай Қасымбековке)

Сен де елуге, Бақтыбай, келіп қапсың байқамай,
Елуінде жігітті шырмап алар ой талай.
Орта жолға жеткенде өткен ізді түгендеп,
Көңілдегі бола ма көк теңізді шайқамай?
Бірі болдың әкеден озып туған баланың,
Қаршадайдан қияға қанат қақты талабың.
Ойға
­қырға жүгіріп, жан­
жағыңа үңіліп,
Халқың үшін, бауырым, ойылыпты табаның.
Тектілігің ішіңде, тентектігің сыртыңда,
Адал туған ұлансың алты Алаштың жұртында.
Көп болса ғой қазақта сендей жігіт, шіркін­ай,
Кетпес едік кеше біз келімсектің ырқында.
Елесінен ерлердің үмітіңді үзбейсің,
Бердіқожа бабаңның басқан ізін іздейсің.
Жақсыларға құшағың гүл жайнаған даладай,
Жамандарды көргенде құлазыған түздейсің.
Біреулердей қазақты ала жіпке тізбейсің,
Алтын балық алам деп лай суды сүзбейсің.
Ақ көңілің аңқылдап, ақ кемедей жарқылдап,
Толқынында тірліктің жүзге дейін жүзгейсің!
Сен елуге келгенде белбеуіңді бекемдеп,
Көп толғандым тойыңда не сыйласам екен деп.
Көңіл құсын ұшырдым, қолда барды ұсындым,
Ақын байғұс ойламас әкімдерге жетем деп.
Бай емеспін ақшаға жанқалтасы шылқыған,
Сескенемін кейде мен мынау заман сұрқынан.
Шаршамайтын шабыстан, өлмейтұғын ешқашан,
Мінгізейін бір тұлпар өлең деген жылқыдан.
Жырдан туған жүйрікті жұрттың бәрі ұнатқан,
Құлап көрген ешкім жоқ сүрінбейтін бұл аттан!
Бердіқожа бабаңның ұстатайын қылышын,
Ел шетіне жау келсе, суырарсың қынаптан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орта жолға жеткенде өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Орта жолға жеткенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орта жолға жеткенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орта жолға жеткенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері