Әттең, шіркін! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Әттең, шіркін!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1243
Атқан таңдай жарқырап,
Аққан судай сарқырап өттің, дәурен.
Жұпар иісің бұрқырап кеттің, дәурен, арман­ай!
Жұпар иісің бұрқырап кеттің, әттең, әттең, шіркін!
Шапқан аттай шалқытып,
Ұшқан құстай қалқытып өттің, дәурен.
Қызуыңа балқытып кеттің, дәурен, арман­ай!
Қызуыңа балқытып кеттің, әттең, әттең, шіркін!
Көк нөсердей селдетіп,
Көк теңіздей тербетіп өттің, дәурен.
Тұнығыңа шөлдетіп кеттің, дәурен, арман­ай!
Тұнығыңа шөлдетіп кеттің, әттең, әттең, шіркін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері