Өлең, жыр, ақындар

Қызыл алма – қыздар-ай!

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1634
Жүрегімді жандырған,
Өзегімді талдырған,
Ақыл-естен тандырған,
Шіркін, қыздар-ай!
Шіркін, қыздар-ай!

Қайырмасы:
Қызыл алма – қыздар-ай,
Көңілімді бұзғаны­ай!
Қыз дегенде қу жүрек,
Қалай шыдар сыздамай?
Қызыл, қызыл алмадай,
Көздің жауын алғаны­ай!
Қайсыбірін айтайын,
Арман, арман, арман­ай!

Жер түбіне барғызған,
Жоқты тауып алғызған,
Сауық-сайран салғызған,
Шіркін, қыздар-ай!
Шіркін, қыздар-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Торығу

  • 0
  • 0

Көлімді дауыл шайқады,
Тағдырдың бүріп толғағы.
Кер заман көктей жайпады,
Үзіліп түсіп қолдағы

Толық

Қарттың қалжыңы

  • 0
  • 0

– Жаз келсе жапырағын жая келер,
Жаныңа шуақ төгіп, сая берер.
Қыс келсе дөдегеңді қырау шалып,
Шым-шымдап жабығыңнан аяз енер.

Толық

Басыңды сақта

  • 0
  • 0

Баянсыз мынау заманда,
Базарға барып бақ сынар.
Саудасыз нәрсе адамға
Еш жерде, бауырым, жоқ шығар.

Толық

Қарап көріңіз