Ауылым менің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ауылым менің» атты Несіпбек Айтұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1702
Ауылым, сенде жарқырап атқан,
Жарқырап атқан таң қандай!
Балалық шақта лүпілдеп соққан
Жүрегім сенде қалғандай.

Қайырмасы:
Толқытып жанды, шырқатып әнді,
Көңілді көкке өрлеткен.
Ауылым менің, жасай бер мәңгі,
Үкілі бесік тербеткен.

Ауылым, сенде қызықпен өткен,
Шаттықпен өткен күн қандай!
Сәттерде саған сағынып жеткен,
Боламын қайта туғандай.

Қайырмасы.

Ауылым, сенде әкемнің көзі,
Бабамның асыл сөзі бар.
Өзіңсіз қалай өмірдің өзі,
Өшпейтін жыр боп жазылар?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері