Ғашықтар күтеді

Бұл бетте «Ғашықтар күтеді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1146
Қоштастық, қош бол енді, амал қанша,
Қайтадан аққу көлге оралғанша.
Сен деп қана соғады, сен деп қана,
Осыдан сүйген жүрек аман қалса.

Қайырмасы:
Ғашықтар күтеді зарыққанша,
Хош, қалқа, қайтадан жолыққанша.
Сүйген жандар табысады,
Махаббаты серік болса.

Қайтадан аққу көлге оралғанда,
Болармын сен келмесең мен арманда.
Жер бетінен табылмас ешбір бақыт,
Күнәсіз ақ махаббат тоналғанда.

Қайырмасы.

Аққудай аспанында қалықтаған,
Келсеңші, қанатыңды қағып маған.
Сүйші, жаным, сүйейін қоштасарда,
Өртеніп көз алдыңда жанып барам.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашықтар күтеді өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғашықтар күтеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашықтар күтеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашықтар күтеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері